Семей ядролық полигонының жабылуынан кейін ширек ғасыр өтті. Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт пен АТОМ жобасы. Орталық Азия елдерінің жаһандық қауіпсіздікке деген бейілділігі.

Бүгінгі күні Қазақстан ядролық сынақтарға қарсы бұлтартпайтын күресте әлемдегі біраз ғана елдердің бір болып табылады. Бұны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қою жөніндегі ұсынысы мен ядролық қарусыздану және жаһандық қауіпсіздік саласындағы АТОМ жобасының жуырда іске қосылуы куәландырады. Алайда 25 жылға артқа шегінсек болды, осы себеп бойынша күмән қалмайды.

Ширек ғасыр бұрын, шын мәнінде, бұрынғы Кеңес Одағынан тәуелсіздік алғаннан кейін Орталық Азиядағы ең ірі республика жаһандық әлемге жолдың қандай болатынын әлемге көрсете білді: қарусыздану мен ядролық таратпау. Ядролық сынақтарды тоқтата отырып, ядролық қаруды өз территориясында иеленуден бас тарту туралы бірінші болып шешім қабылдаған, сол себептен үлгі-мемлекет, ядролық сынақтарға қарсы оппозициядағы әлемдік көшбасшы болған Қазақстанның тікелей тәжірибесінен бастай аламыз. Осындай абыройы бар басқа ел бар екен деп ойламаймыз.

Шын мәнінде ядролық қарусыздану мәселесі бойынша Қазақстан халықаралық қауымдастық үшін көп нәрсе істеді. Ядролық сынақтар нәтижесінде шеккен қазақстандық халықтың азабы ұмытылмас, бірақ бұл жаһандық қауіпсіздіктің басымдылығын әлемге көрсету үшін ауыртпашыл және, мүмкін, шарасыз алым болар.

1991 жылғы 29 тамызда әлемдегі ірі ядролық полигондардың Семейдегі бірін жауып, одан кейін өзінің ракеталық арсеналынан бас тартып, Қазақстан өзіне үлкен жауапкершілік жүктеді, бірақ ядролық таратпау процесінде белсенді рөл ойнауға және жаппай қырып-жою қаруына қарсы сөз сөйлеуге құқық алды. 40 жылда осы полигонда 456 ядролық сынақ (атмосфералық және жер асты) өткізілді, оның жалпы қуаты Хиросимаға тасталған бомбалардан 2500 аса артық. Радиацияның әсерінен 1,5 миллион адам зардап шекті, үлкен аумақ ауаның ластануынан азап болды. Алайда бүгін Қазақстан 1400 аса оқтығы бар өз ядролық арсеналын демонтаждағаннан кейін және оның инфрақұрылымын жойғаннан кейін адамзатты ядролық сынақтардан толық бас тартуға шақыруға моральдық құқықты иеленді.

Бүгін Ресей өз шекараларын қорғау үшін кеңес уақытында-ақ орналастырылған ең қуатты ядролық арсеналдардың бірін әлі иеленуде. Кейін күлден пайда болған республикалар оларды заңды иесіне қайтарды. Бұл 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіз болған Қазақстанның оқиғасы. Сол тарихи күні Президент Назарбаев планетадағы көлемі бойынша төртінші ядролық арсеналға мирасқор болды. Көп кешікпей ол осы қарудан бас тарту туралы біржақты шешім қабылдады: барлық ядролық оқтықтар мен олардың тасымалдаушыларын демонтаждалып, қауіпсіздік шараларының қатаң қадағаланылуымен Ресейге жеткізілді. Тапсыру операциясында Құрама Штаттар ынтымақтасып, олардың бақылауымен байытылған уранның анағұрлым мөлшері көшірілді.

Таяу Шығыстағы қауіпті шиеленістерден бастап, айқындалып келе жатқан ислам лаңкестігінің жаһандық қауіпіне дейін бүкіл әлемдік аренаға шетін драматикалық кезеңде 1991 жылдан бері Қазақстан ядролық қауіпті азайтудың және оны таратпаудың жаһандық процесіндегі өз бейілділігі мен белсенді рөлін әлемге көрсетті.

Осылайша біраз күннен кейін тамыздың соңында Қазақстанда маңызды және аса сезінерлік оқиға болмақ: Семей полигоны жабылуының 25-жылдығын мерекелеу. Алты жыл бұрын 2010 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мәнісінде Президент Назарбаевтың 29 тамызды «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күні» деп жариялау ұсынысын қолдады.

География жағынан қарағанда, 300 000 жуық тұрғыны бар Семей қаласына дейін Қазақстанның астанасы Астанадан 400 шақырым шығысқа жүру қажет. Мұнда қаладан батысқа қарай жүз шақырымда, қазақ даласының ортасында, Ресей шекарасына жақын жерде шамамен 18500 км2 ашық алқапта (Бельгия территориясының ауданы сияқты) ядролық қаруды сынау үшін пайдаланылған бұрынғы Кеңес Одағының территориясы болып саналған Семей ядролық полигоны орналасқан. Бұл төңірек қырқыншы жылдардың соңынан бері Кеңес Одағының ыдырауына дейін эксплуатацияланды. 1991 жылғы 29 тамызда Семей полигоны кеңес коммунистік режимнің құлауынан және Қазақстанның тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ел билігімен жабылды, және бүгін біз оның жабылуының 25-жылдығын атап өтеміз. Бұл тарихи жылдық, бірақ осы драматикалық онжылдықтарды ешнәрсе ұмыттыртпас. Мыңдаған адам сынақтар салдарынан қайтыс болды, тағы мыңдағаны генетикалық мутациядан зардап шекті және басқа көбісі зарарлы болды. Бүгінгі күні қалада 20000 адамға жуығы қатерлі ісіктің әртүрлі түрлерімен аурады. Радиацияның жақын аудандарда тұратын халыққа әсері кеңес билігімен онжылдықтар бойы жасырылды. Полигонның жабылуынан кейін сол жерде өткізілген зерттеулер шын мәнінде 200 000 жуық тұрғынға қалай әсер еткенін көрсетті. Осы аумаққа көрші аудандардың тұрғындары бомбалардың салдарына тап болған еріксіз тәжірибелік қоян болды. Радиоактивтік Қазақстан халқының үш буынын тыныш жоқ етті. Зардап шеккен адамдардың жалпы саны бәлкім бір миллионнан да көп шығар. Бұны қалқанша без, ісік ауруларының, тумысынан дефектілердің, ақау дамуының, уақытынан бұрын қартаюдың, жүрек-қан тамырлары ауруларының бар болуы куәландырады. Облыстағы орташа өмір сүру ұзақтығы Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен жеті жылға кем.

Осы адамзат трагедиясына қарамастан Қазақстан ядролық сынақтарға қарсы күреске қосылып, әлемдегі көздерге өзінің таңғаларлық оқиғасын көрсетіп келеді. Парақты тезірек аударып, әлемде бейбітшілік орнатуға деген қазақ халқының ниеті үлгі тұтарлық, өйткені Семейде болған оқиға басқа жерде қайталанбауы тиіс.

Осылайша Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құруда маңызды рөл ойнайды және қазіргі уақытта ядролық қауіптен арылу үшін планетаның басқа жерлерінде осы сияқты аймақтардың құрылуын белсенді қолдайды. Осы жауапты саясатқа орай Қазақстан осылайша таратпау режимінің танылған көшбасшысы және басқа мемлекеттер үшін үлгі болуға құқылы. Жеке алғанда Назарбаев өз елі қол қойған Ядролық қаруды таратпау туралы шартты таратпау режимінің іргетасы деп біледі. Оның мақсаты айналымдағы ядролық материал санын қысқарту ғана емес, бірақ қауіпсіздік және алдын алу шараларын нығайту болып табылады.

Әлем қауіпсіз болып келеді. Әрине қауіпсіз, бірақ соншалықты емес. Ядролық қауіптің ауыртпалығы сол уақытта АҚШ пен Ресейді өзара сенбеушілікті ысыртуға және кезектен тыс бірлескен миссия жұмысында бүкіл әлем мүддесі үшін бірлесе ынтымақтасуға етермеледі. Бүгін осы драматикалық тарихи мезетте әлем Ресей мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықсыз бола алмайды, мұнда саясат пен дипломатия адамзат үшін үлкен қауіп алдында асып түсу қажеттігін жақында президент Барак Обама атап өтті: “Бүгінгі күні ядролық лаңкестік халықаралық қауіпсіздік үшін едәуір қауіптердің бірі болып табылады “. Осы себептен Ресей мен АҚШ-тың қайта тарихи ынтымақтастығы өзара сенбеушілікті былай ысырып, Мәскеуге де қауіп төндіретін ИГИЛ-дің жаңа лаңкестігімен күреске жұмылдырылу үшін үстелге отыруы маңызды-ақ. Осыған байланысты айналымдағы ядролық материалдар санын одан әрі қысқарту және қауіпсіздік шараларын нығайту қажеттілігі бар. Ядролық қарудың бөтен қолдарға түсу ықтималдығы нақтылануда. Шын мәнінде бүкіл әлемде экстремистік және лаңкестік топтардың қауіпі артты. Олардың саны өсіп қана қоймай, зорлық деңгейі де артты.

Бейбіт уақытта ядролық қарудың сұмдық салдарынан Қазақстан бәрінен көп зардап шекті. Ел үлкен құн төледі, бірақ өзінің осы саладағы жұмыс тәжірибесіне байланысты ядролық апат қауіпімен соқтығысқан әлем қауіпсіз болуы үшін маңызды үлес қосқаны сөзсіз.

2010 жылдың басынан бері Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына престижді төрағалыққа ие болды, одан кейін өз жайын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып нығайтты. Бұл халықаралық қауымдастықтың тұрақты және жауапты мүшесі ретінде Қазақстанды танудың тағы да бір куәлігі болып табылады. Потенциалды үшінші дүниежүзілік ядролық және қайтуға мүмкіндік бермейтін қиратушы соғысты болдырмау бойынша күш-жігері үшін осы ел танылады.

Алайда, бұл мемлекет, қазақ мемлекеті, бүгінгі күнге дейін уран өндіру саласында әлемдік көшбасшы болып, болашақта азаматтық мақсаттарда атом энергетикасын дамыту перспективаларын ұмытпайды. Осылайша 2012 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигонның жабылуымен байланысты Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күнінде қазақстандық билік ядролық проблема бойынша әлемнің іртүрлі мемлекеттерін қажеттіліктері мен болжалдарына қызмет ақтаратын аса өзекті АТОМ жобасын іске қосты.

АТОМ жобасы халықаралық әлеуметтік кампания болып табылады және ядролық сынақтардан түпкілікті бас тарту мен бүкіл әлемде ядролық қаруды жалпы жою мәселелері бойынша жаһандық қолдау құруға бағытталған.

Ядролық қарудан азат әлем адамзаттың бас мақсаты болуы тиіс. Сондықтан АТОМ қарулануды қысқарту мен сынақтарды доғару қажеттілігі төңірегінде қоғамдық пікірді біріктірмек. Жоба шеңберінде ядролық қаруға қарсы шығатын планетадағы кез-келген адам ядролық сынақтарға жаһандық эмбарго келісіміне қол қою үшін әлемдегі үкіметтерге онлайн петицияға қол қоя отырып үндей алады. Осы бастаманың жариялану мезетінен бері бірнеше жылда бірқатар маңызды елдерде жобаның тұсауын кесіп үлкен ақпараттық жұмыс жүргізілді. Әлем бойынша 100-ден аса елдерде жүз мыңнан аса адам петицияға қол қойды, оның ішінде бастаманы белсенді түрде қолдауға шақырылған Италия да бар. Ядролық қарусыз әлем үшін АТОМ жобасын қолдау қажет. Ядролық сынақтарды өткізуге салынатын тыйымның күшіне енуі мен ядролық қарудан азат аймақтардың кеңейтілуі жаһандық бейбітшілік үшін бәріне пайда тигізеді. Біз шартқа қол қоюдан және оны ратификациялаудан әлі тартынатын елдерді халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау туралы шешім қабылдауға шақырамыз. Қазақстан осыны бастан кешірді және таңдау оңай болмады.

Бүгін неге ядролық энергетиканың күшті жаһандық мобилизациясы жоқ деп сұрақ қоюға болады. Алайда жаппай қырып-жою қаруы туралы мәселе өзекті болып табылады және елдердің саясатындағы басты басымдық болуы керек. Бұған қоса, геосаяси жүйенің құрылымдық өзгерістері септігінен жаппай қырып-жою қаруына қол жеткізуге халықаралық лаңкестік ниетті. Ядролық қару елесі егеменді мемлекеттер өз аумағын толық басқара алмаған кезде және осыны пайдаланғысы келетін ырығы мен батылдығы бар лаңкестік топтардың пайда болу мезетінде әлем алдында қайта пайда болды. Атом бомбасын «пайдалану үшін емес», ал шабуылдарды тартындыратын фактор ретінде билікті сақтап қалу үшін иеленгісі келетін елдер де бар. Бірақ рационалдықпен іс-әрекет ететін және аса қауіпті болып келетін кішкентай жаңа мемлекеттер немесе өтірік мемлекеттер (халифат) бар. Әрине біз шикі ядролық бомбаны құрастыру үшін технологияларға қол жеткізу мүмкіндігін білеміз.

Алайда Ресей мен АҚШ, Үндістан мен Пәкістан сияқты ірі державалардың арсеналында ядролық қарудың үлкен саны әлі бар. Еуропада Ұлыбритания мен Франция бұрынғыдай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүшелік «артықшылығына» кепілдік беретін ядролық қаруға ие.

Осы себептерден Қазақстанның тәжірибесі ерекше болып келеді: тәуелсіз болған ел және бірден ядролық держава болудан бас тартып (уран қоры бойынша екінші мемлекет болатын Қазақстан осы табиғи ресурстың молшылығына қарамастан), өзін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі болу әлеуетінен, ағылшын және француз арсеналынан асып түсетін және Орталық Азия республикасының әлемдік державалар санатына кіру мүмкіндігін беретін потенциалдан айырды. Өркениет деңгейінде аса ұлы болу үшін Қазақстан президенті өз елін әскери тұрғыдан кем қуатты және әлсіздеу болуға сендірді деп халықаралық қауымдастық аздап атап өтті.

Бүгінгі күні Қазақстан әлемдік деңгейде негізгі экономикалық әріптестердің бірі болып қана қоймай, планета мен Орталық Азия өңірін тұрақтандыруға қосып жатқан үлесі нәтижесінде халықаралық қауымдастық үшін, саяси теңдестік үшін стратегиялық маңызға ие. Ол Еуропа мен Азияны

Ядролық саясат саласында Қазақстан көрсеткен ықпалдылық пен бірізділік бүгінгі күні оны құрметті әріптес етеді, халықаралық қауымдастық үшін үлгі дерлік.